Қатар мен Қазақстан қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсетеді

164

Келісімге 2024 жылдың 14 ақпанында Дохада қол қойылған. 

Қатар мен Қазақстан қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсетеді Фото: VisaSam.ru

Мәжілісте "Қазақстан Республикасы мен Қатар Мемлекеті арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялау туралы" заңның жобасы мақұлдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Келісім қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету мәселелеріне қатысты өзара іс-қимылға жауапты орталық органдарды айқындайды. Ол өзара іс-қимыл мәселелерін егжей-тегжейлі реттеп, көрсетілетін көмектің тізбесін, одан бас тарту негіздерін, сондай-ақ құпиялылық шарттары мен ақпаратты немесе дәлел бола алатын заттарды пайдалануға шектеулерді анықтайды.

Сонымен қатар іс жүргізу әрекеттеріне қатысушылардың құқықтары мен қамауға алынған немесе бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жатқан адамдарды уақытша ауыстыру шарттары белгіленеді. Қылмыстық әрекеттен түскен заттарды, құжаттарды, қаржылық активтерді және басқа да түсімдерді анықтауға, ашуға, қамауға алуға және тәркілеуге көмек көрсету шарттары көрсетілген",  делінген Мәжіліс таратқан ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу