Катар шейхы "Манчестер Юнайтедті" сатып алудан бас тартады – БАҚ

Ол клуб үшін өзінің нарықтық құнынан 2 есе жоғары сома ұсынған. 

Катар шейхы "Манчестер Юнайтедті" сатып алудан бас тартады – БАҚ Фото: www.championat.com

Катар шейхы Джасим бен Хамад Аль-Тани "Манчестер Юнайтед" футбол клубын сатып алу туралы өтінішінен бас тартады, деп хабарлайды Associated Press басылымы. 

Осы уақытқа дейін шейх команданы сатып алуға негізгі үміткерлердің бірі болып саналды. Клубты "Инеос" химиялық компаниясының басшысы Джим Рэтклифф пен финдік кәсіпкер Томас Циллиакус та сатып алуға ниетті.

Дереккөздердің хабарлауынша, Аль-Тани "Манчестер Юнайтед" үшін өзінің нарықтық құнынан 2 есе жоғары сома – 3,2 млрд доллар төлеуге дайын болған.

Сонымен бірге Sky Sports Рэтклифф клубтың 25% үлесі үшін 1,3 млрд фунт (1,58 млрд доллар) төлей алатынын жазады.

Ағылшын Премьер-Лигасының биылғы маусымында манкуниандықтар 8 бастапқы матчта төрт жеңіске жетіп, төрт рет жеңіліске ұшыраған, қазір олар 10-орында. Команда осы маусымда Чемпиондар лигасында ойнайды, онда атақты клуб Бавария, Копенгаген және Галатасараймен бір топта бақ сынайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу