Катар Украинаға 100 миллион доллар бөлді

489

Бұл туралы Украина премьер-министрі Денис Шмыгаль әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.  

Катар Украинаға 100 миллион доллар бөлді Фото: EADaily

Украина премьер-министрі Денис Шмыгаль Катардың гуманитарлық көмек жұмысы аясында Украинаға 100 миллион доллар бөлетінін мәлімдеді.

Украина премьер-министрі Денис Шмыгаль Катар сыртқы істер министрі Мұхаммед бин Абдуррахман Әл-Санимен кездесті.

Кездесуде Әл-Сани Украинаға гуманитарлық көмек ретінде 100 миллион доллар бөлетіндерін жеткізді. Шмыгальдың айтуынша, бұл қаражат денсаулық, білім және басқа да маңызды әлеуметтік әрі гуманитарлық жобаларды жүзеге асыруға жұмсалмақ.

Әңгімелесу барысында Шмыгаль Қара теңіздегі астық бастамасын қайта жандандырудың маңызды екенін және Украинадан астық жөнелтілімдерінің жалғасуы керектігін баса айтты.

Сонымен қатар, "Ресей заңсыз түрде алып кеткен және өз аумағында ұстауды жалғастырып жатқан украиналық балаларды қайтаруға атсалысып жатқан Катарға алғыс айтамыз" деді өз сөзінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу