Қатарда футболдан әлем чемпионаты басталды

668

Қатар елінде футболдан әлем чемпионаты ресми түрде ашық деп жарияланды.

Қатарда футболдан әлем чемпионаты басталды

Салтанатты шара аталған мемлекеттің тарихы мен мәдениетін бейнелейтін театрландырылған көрініспен басталды әрі жарты сағаттан астам уақытқа созылды, деп жазады inbusiness.kz.

Бұл чемпионаттың ерекшелігі – алғаш рет жаз мезгілінде емес, күзгі және қысқы уақытта өткізіліп жатыр.

Сондай-ақ биылғы әлем чемпионатында соңғы мәрте 32 құрама сынға түседі. Содан кейін 48 құрамаға ұлғаймақ.

Биыл 22-мәрте өткізілетін доп додасы жөнінде шешім 2010 жылы Швейцарияның Цюрих қаласында қабылданды. Соңғы турда Қатар – 14, АҚШ 8 дауыс алып, осылайша шағын мемлекет 2022 жылғы Әлем чемпионатын өткізу құқығын иеленді.

Қатар дүние жүзі жұртшылығына мұнайға бай ел ретінде танылған. Сондықтан олар айтулы аламанға үлкен дайындық жасады. Әдетте, мұнда жаз мезгілінде өте ыстық ауа райы тіркеледі. Әрбір стадионда ауа салқындатқыш желісі іске қосылады. Температураның 27 градустан жоғары болмауы қадағаланады.

Әлем чемпионатының соңғы жаңалықтарын Atameken Business Sport телеграм арнасына жазылып, оқи аласыздар!

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу