Салтанатты шара Қатардың тарихы мен мәдениетін бейнелейтін театрландырылған көрініс пен түрлі-түсті шоумен басталды.
Ашылу рәсімінде осы елдің әмірі Тамим бин Хамад Аль Тани сөз сөйледі. Осы жолғы чемпионаттың ерекшелігі оның жаз мезгілінде емес, күзгі және қысқы уақытта өткізілуінде. 20 қараша мен 18 желтоқсан аралығында өтетін 2022 жылғы футболдан әлем чемпионаты тарихтағы ең қымбат әлем чемпионаты болмақ. Турнирді өткізу үшін 7 жаңа футбол стадионы, метро, әуежай, ауруханалар, қонақ үйлер мен сауда орталықтары салынды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу