Қатарда кеме қатынасы қалпына келді

98

Бұған дейін кеме қатынасы Таяу Шығыстағы қарулы қақтығыстың ушығуына байланысты тоқтатылған болатын.  

Қатарда кеме қатынасы қалпына келді Фото: honourocean.com

Кешеден бастап Қатарда кеме қатынасы қайта жандана бастады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бірақ әлі де шектеу бар. Елдің Көлік министрлігі кемелерге теңізге сағат 06:00-ден 18:00-ге дейін ғана жүруге болатынын ескертті. Ал балық шаруашылығына рұқсаты барлар күн-түн демей жүзе береді.

Қатар билігі барлық кеме иелері мен теңіз операторларын құрал-жабдықтың ақаусыз болғанын қадағалауға және қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу