Қатардағы әлем чемпионатына бірер күн қалды

683

Қатарда өтетін әлем чемпионатының басталуына бірер күн ғана қалды. Жанкүйерлер келіп жатыр, әлем чемпионатын өткізуге соңғы дайындық жұмыстары аяқталуға таяу. 

Қатардағы әлем чемпионатына бірер күн қалды Фото: cdn.vedomosti.plat.agency

Жарысқа миллионға жуық жанкүйер қатысады деп күтіледі. Келген туристер жататын орны ойластырылып, пәтерлер мен виллалар, қонақ үйлер мен шөлді кемпингтер, "жанкүйерлер ауылдары" деп аталатын жерлер қарастырылған, сонымен қатар круиздік кемелердегі кабиналарды жалға алуға болады, деп хабарлайды inbusiness.kz Euronews сайтына сілтеме жасап.

Жақында Дохаға жанкүйерлерді орналастыру үшін пайдаланылатын үш кеме келді. Штаб пәтері Женевада орналасқан MSC круиздік компаниясы бұл келісімді чемпионаттың ашылу салтанатынан алты апта бұрын жариялады

"Ондаған бассейн, ел Астанасы Доханың панорамалық көрінісі, жүздеген дүкендер мен мың көрерменге арналған кинотеатр ашылған. Кейбір жанкүйерлер матчтарды шезлонгтарға жатып, ыңғайлы тамашалайтыны сөзсіз.

Қатар 2010 жылы әлем чемпионатын өткізу құқығын алғаннан кейін-ақ қонақтарды орналастыру мәселесі қызу пікірталас тақырыбына айналды. Бірақ ФИФА президенті Джанни Инфантино биыл әлем чемпионаты жоғары деңгейде өтетініне сенімді ", - деді Euronews тілшісі Ашух.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу