Катардың бұрынғы әмірі шейх Халифа бен Хамад Әл Тани қайтыс болды

1112

Катардың бұрынғы әмірі шейх Халифа бен Хамад Әл Тани қайтыс болды

84 жастағы Катардың бұрынғы әмірі шейх Халифа көз жұмды. Бұл туралы classic.newsru.com сайтына сілтеме жасап "Қазақпарат" ХАА хабарлайды.

Катардың басшысы шейх Тамим бен Хамад Әл Тани елде үш күндік қаралы күн жариялады. Халифа бен Хамад Әл Тани 1972 және 1995 жылдар аралығында 20 жылдан астам уақыт мемлекет басқарды.

Ол Катардың 6-шы әмірі және Әл Тани әулетінің екінші өкілі болып табылады. 1995 жылы мемлекеттік төңкеріс барысында баласы Хамад бен Халифа Әл Тани әкесін биліктен алып тастаған болатын.

2013 жылы орнынан алынған соң билікті ұлы шейх Тамим бен Хамад Әл Таниге ұсынды. Соңғысы мемлекетті бүгінге дейін басқарып келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу