"Катаргейт" ісінен кейін Еурокомиссия шенеуніктерін тексеруді күшейтті

494

"Катаргейт" сыбайлас жемқорлық жанжалы ЕО-ның Бас атқарушы органына да әсер етуі мүмкін. 

"Катаргейт" ісінен кейін Еурокомиссия шенеуніктерін тексеруді күшейтті Фото: Хабар 24

Доха бұған дейін Әлем чемпионаты алдында адам құқықтарының сақталуын тексеруге келген депутаттарға пара беру арқылы Еуропарламенттің шешімдеріне заңсыз әсер етті деген күдікке ілінген еді, деп хабарлайды inbusiness.kz "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Енді Еурокомиссияның Көлік және ұтқырлық жөніндегі директоратының басшысы Генрик Хололейдің Катарға араб үкіметінің есебінен бірнеше рет барғаны белгілі болды. Ол "Qatar Airways" әуекомпаниясының бизнес-класымен 2015-2021 жылдар аралығында ұшқан. Бұл ретте еурошенеуніктің сапарларының уақыты ЕО мен Катар арасындағы әуе қатынасы туралы келісім бойынша келіссөздермен сәйкес келеді.

Сондықтан Еуропалық омбудсмен Эмили О ' Рейли Еуропалық комиссия қызметкерлерінің іссапарлары туралы егжей-тегжейлі есеп беруді талап етті.

Алайда, Хололейдің сапарларын тексеру барысында комиссия жұмысына қайшы келетін іс байқалмаған, өйткені ол әуе көлігі туралы келіссөздер делегациясының құрамына кірмеген.

- Қатарға бірнеше рет іс-сапармен барған Еурокомиссияның жоғарғы шенеунігінің ісі тексерілді. Бірақ оның екіжақты келіссөздерге ықпал етіп, Одақтың мүдделеріне нұқсан келтіргені байқалмады. Қазір басқарушылық принциптерді қатаңдатуды қолға алып жатырмыз. Олар жуық арада қолданысқа енгізіледі, - деді Еурокомиссияның ресми өкілі Дана Спинант.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу