Ақмола облысының Бурабай ауданындағы Қатаркөл ауылында жеке үйден шыққан өртте екі адам қаза болды, деп хабарлайды "Интерфакс-Казахстан".
Өрт 80 шаршы метр аумақты шарпыды. Тілсіз жау бес сағат ішінде ауыздықталды.
"Өрт орнынан 1970 жылы туған әйел мен 1967 жылы туған ер адамның мәйіті табылды. Тергеу жүріп жатыр", – деді облыстық ТЖ департаментінде.
Өртті сөндіруге жеке құрамның 17 қызметкері мен 3 техника жұмылдырылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу