Қатарлық инвестор Bereke Bank-ті сатып алды: Қазақстан ұтты ма, ұтылды ма?

501

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингінің" өкілі мәміленің шарттарын ашып айтпады.

Қатарлық инвестор Bereke Bank-ті сатып алды: Қазақстан ұтты ма, ұтылды ма? Фото: Berekebank.kz

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нұрболат Айдапкелов Сенат кулуарында Bereke Bank-ті қатарлық инвесторлардың сатып алуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тілшілер спикерден "Сіз бұл мәмілені қалай бағалайсыз?" деп сұрады.

"Қазір айтылып жатқан сома (ред. – 65 млрд теңге) бұл жақсы пайда. Бас банкпен келісім бар, өзара есепке алу аясында осы мәмілені жасадық",- деп қысқа қайырды "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары.

Журналистер қатарлық инвесторлардың шарттары қандай болды деп нақтылады. Спикер ресми сұрау салу арқылы мәміле туралы егжей-тегжей мәлімет алуға болатынын жеткізді.

Айта кету керек, жақында қатарлық Lesha Bank инвестициялық банк  Bereke Bank-ті 65 млрд теңгеге сатып алған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу