Қатарлық компания Атыраудағы зауыттың 75 пайызын сатып алады

Тараптар бірлескен үш жобаны жүзеге асыруды жеделдетпек. 

Қатарлық компания Атыраудағы зауыттың 75 пайызын сатып алады Фото: obk.kz

Қазіргі күні Атырау облысында Қашаған газын өңдейтін зауыттың құрылысы басталған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қатар компаниясы бұл зауыттың 75 пайыз акциясын сатып алатын болды. Бұл туралы Доха қаласында QazaqGaz, Power International Holding, KCG, HBP басшылары Қашаған газын өңдеу зауытының құрылысын жеделдету мәселесін талқылап, жұмыс барысын сөз еткен. 

– Аталған компаниялар-мердігерлердің акционерлері жобаны жүзеге асыру статусы, тапсырмалар мен аталған жобаны жеделдету бойынша қабылданып жатқан шешімдер туралы есеп берді. Қазір Power International Holding-тың еншілес кәсіпорны UCC Holding тарапынан газ өңдеу зауытының 75 пайыз бөлігін сатып алу туралы келіссөздер аяқталды. Транзакция шарттарын келісу процесі басталды, – деп хабарлады ұлттық компанияның баспасөз қызметі.

Қатарлық UCC Holding компаниясы Атырау облысындағы газ өңдеу зауыты жобасына операциялық бақылау жүргізуді бастаған. Енді бұл компания аталған жоба операторы – "GPC Investment" ЖШС-ға күрделі құрылыс бойынша жаңа атқарушы директор тағайындамақ. 


Сондай-ақ, тараптар бірлескен үш жобаны жүзеге асыруды жеделдету мәселесін қарастырып отыр. Біріншісі – "Қашаған" газын өңдейтін зауыт жобасы. Оның қуаты – 2,5 млрд текше метр. Екіншісі – "Бейнеу-Бозой-Шымкент" магистралды газ құбырының екінші тармағының құрылысы болса, соңғысы – "Ақтөбе-Қостанай КС-14" жобасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу