Қатарлық компания елімізде тағы бір жобаға қатысады

209

Қатарлық Рower International Holding (РІН) компаниясы халықаралық "Astana Hub" IT-стартаптар паркінің базасына тіркелді.  

Қатарлық компания елімізде тағы бір жобаға қатысады Фото: gov.kz

Бұл жайлы Сыртқы Істер министрлігі өкілдерімен кездесуде компанияның Қазақстандағы атқарушы директоры Амер Махасен хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазіргі таңда Рower International Holding медициналық мекемелер салу және оны цифрлық шешімдер арқылы басқару саласына қызығушылық танытып отыр.

Одан бөлек тау-металлургия, кен барлау секторындағы перспективалар да талқыланды.

Ал, Қазақстан үкіметі шетелдік компаниямен серіктестікті дамыту үшін барынша қолдауға дайын екенін білдірді.

"Газ өңдеу инфрақұрылымы энергетикалық қауіпсіздікке, телекоммуникация – цифрландыруға ықпал етеді. Денсаулық сақтау, IT және тау-кен салаларындағы бастамалар – технологияларды трансферттеуге және өндірістік кооперацияны дамытуға мүмкіндік береді. Қазақстан бұл жобалардың сәтті іске асуына жан-жақты қолдау көрсетуге дайын", – деп мәлімдеді ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров.

PIH қазір еліміздегі Қашаған кен орнындағы га зөңдеуші екі зауыттың құрылысына қатысып жатыр. Одан бөлек "Бейнеу-Бозой-Шымкент" газ құбыры желісінің екінші бағытын және "КС-14-Ақтөбе-Қостанай" магистралін салуда да үлесі бар.

Ал, 2023 жылы Рower International Holding телекоммуникация нарығына шығып, Tele2 және Altel брендін иеленетін "Мобайл Телеком-Сервис" компаниясын сатып алған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу