Қатерлі ісікке қарсы отандық дәрі-дәрмек сынақтың екі кезеңінен сәтті өтті

337

Сынақтар Қазақ онкология және радиология институтында өтіп жатыр. 

Қатерлі ісікке қарсы отандық дәрі-дәрмек сынақтың екі кезеңінен сәтті өтті Фото: видео скриншот

Қазақстандық ғалымдар әзірлеген қатерлі ісікке қарсы препарат сынақтың екі бастапқы кезеңінен сәтті өтті, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Ақпаратқа сәйкес, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының вице-президенті, NU биология профессоры Дос Сарбасов қатерлі ісікке қарсы препаратты әзірлеу барысы туралы айтты. Дәрі-дәрмекті бірінші рет қабылдағаннан кейін он бес онкологиялық науқастың жағдайы тұрақталып, олардың алтауында ісіктің өсуі тоқтады, ал біреуінде бұл тіпті 30%-ға азайды. Қазір дәрігерлер препаратта уыттылықтың жоғы расталғаннан кейін оның дозасын арттырды.  

"Біз қатерлі ісікке қарсы аппаратты 2022-2023 жылдары сынай бастадық, рұқсат құжаттарын алдық. Клиникалық сынақтың 1-ші және 2-ші кезеңдерін өткіздік. Қазір біз жоғары дозаны алуға қол жеткіздік. Сынақтар Қазақ онкология және радиология институтында өтіп жатыр. Біз глюкозаны сіңіретін рак клеткаларын жоямыз. Халықаралық патентіміз бар.  Бақылау тобында болған 5 пациенттің жағдайын тұрақтандыруға әсер етті",  деді Дос Сарбасов. 

Ғалымның айтуынша, 2-3 жыл ішінде жобаны аяқтау жоспарланып отыр.

Айта кету керек, осы жылдың басында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек елімізде шығарылған қатерлі ісікке қарсы дәрі-дәрмекті таныстырғанын жазғанбыз. Ведомство басшысы Алматыдағы Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында 15 адам емделіп жатқанын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу