Қатерлі ісікке қарсы отандық дәріні сынақтан өткізудің екінші кезеңі басталды

321

Зерттеуге онкологиямен ауыратын 15 науқас қатысты. 

Қатерлі ісікке қарсы отандық дәріні сынақтан өткізудің екінші кезеңі басталды  Фото: freepik

Елімізде әзірленген онкологияны емдеуге арналған препарат адамдарға клиникалық сынақ жүргізудің бірінші кезеңінен сәтті өтті. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрдің дерегінше, зерттеуге онкологиямен ауыратын 15 науқас қатысты. 

 "1 шілдеден бастап тестілеудің екінші кезеңі басталды. Клиникалық сынаққа 3 мыңға жуық адам қатысады. Барлығы 5 мыңнан астам онкологиялық науқас сынаққа қатысуға ниет білдіріп, тіркелді. Қаражат Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның шешімімен қарастырылған – зерттеу тобына екінші кезеңді жүргізуге шамамен 2 млрд теңге тамыз айында аударылады. Жыл соңына дейін біз барлық деректі өңдейміз. Келесі жылы дәрі-дәрмекті тіркеуге шығарамыз деген сенімдеміз", - деді Саясат Нұрбек.

Онкологияның ең агрессивті түрлерінің бірі – тоқ ішек қатерлі ісігінің IV сатысы анықталған науқастар ерікті ретінде қатысқан клиникалық сынақтардың бірінші кезеңінің нәтижесі бойынша препарат тиімділігін көрсетті. Ісіктің қалыптасуы орта есеппен 30%-ға азайды. 

Екінші кезең түрлі қатерлі ісігі бар адамдарға дәрі-дәрмекті тексеріп көруді қамтиды. Сынақ Астана, Алматы және Павлодарда өткізілетін болады. 
 
Айта кету керек, осыған дейін осыған дейін министр Саясат Нұрбек алғаш рет елімізде шығарылған қатерлі ісікке қарсы дәрі-дәрмекті таныстырған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу