Қатерлі ісікке шалдыққан Ұлыбритания ханшайымы ел алдына шықты

142

Ем-дом алып жүргенінде Кэтрин бірнеше рет қана қоғамдық шараларға қатысты.

Қатерлі ісікке шалдыққан Ұлыбритания ханшайымы ел алдына шықты Фото: Frank Molter

Уэльс ханшайымы Кэтриннің (Кейт Миддлтон) есімі онкологиялық емдеу аяқталғаннан кейін алғаш рет Ұлыбритания корольдік отбасының іс-шаралары туралы ресми есепте пайда болды. Бұл туралы The Guardian хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Патшалық циркулярінде ханшайым Виндзор сарайында балалардың өмірінің алғашқы жылдарына арналған кездесу өткізгенін көрсетеді. Кездесуде бала өмірінің алғашқы жылдарының маңыздылығын арттыру мақсатында 2023 жылы ханшайымның қамқорлығымен басталған "Бізді қалыптастыру" науқаны талқыланды, деп нақтылады басылым.

Емдеу кезінде Кэтрин бар болғаны бірнеше қоғамдық іс-шараларға – корольдің туған күніне арналған шеруге және ерлер Уимблдон финалына қатысып, жеңімпаз кубокты Карлос Алкарасқа берді.

Үшінші рет Миддлтон тамыз айының ортасында күйеуі ханзада Уильям, ұлдары Джордж, Луи мен қызы Шарлоттамен бірге Норфолктегі Gone Wild фестивалінде көпшілік алдына шықты.

Миддлтонға қатерлі ісік диагнозы қойылғаны туралы 22 наурызда хабарланды. Бұған дейін ханшайым іш қуысына операция жасаған.

Маусым айының басында Миддлтон онкологиялық аурумен күресте "айтарлықтай оң өзгеріс" бар екенін айтты. Ол жазда корольдік отбасы мүшелеріне қосылатынын айтқан еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу