Қатерлі топтағы дәрігерлер қонақүйге жайғастырылған

823

Алматыда 1 мыңнан астам адам оқшауланды.

Қатерлі топтағы дәрігерлер қонақүйге жайғастырылған

Алматыда коронавирус жұқтырғандарға көмек көрсететін стационар, провизорлық орталықтарда жұмыс істейтін қатерлі топтағы дәрігерлерге барлық жағдайлар жасалған. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев хабарлады. 

"Правизорлық орталықтар мен стационарларда жұмыс істейтіндер қатерлі топтағы мамандар деп есептеледі. Қазір олар қонақ үйлер мен жатақханаларға орыналастырылды. Сонымен қатар "ақ халаттыларға" штаб есебінен тегін тамақ беріледі", – деді басқарма басшысы.

Қазіргі кезде Алматының жұқпалы аурулар ауруханасында Алматы облысынан келген 1 науқасты қосқанда 80 адам жатыр. Олардың біреуі бала.

"68 науқастың жағдайы қанағаттандырарлық. 2 ересек адамның жағдайы ауыр. Ал 10 адамдікі орта ауырлық деңгейінде. Жалпы провизорлық орталықтарда 619 адам оқшауланған. Оның 81-і бала. Ал 2 күндік карантинде 520 адам бар. Оның 50-і бала. 3853 адам үйдегі бақылауда", – деді Тілеухан Әбілдаев.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу