Қатігездікпен танысын өлтіргендер Ресейден экстрадицияланды

98

Қазіргі таңда күдіктілер тергеу изоляторына қамалды. 

Қатігездікпен танысын өлтіргендер Ресейден экстрадицияланды Фото: киртаг

Адам өлтіру, тұрғынжайға қолсұғылмаушылықты бұзу және заңсыз қару айналымы үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстанның екі азаматы Ресейден экстрадицияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Күдіктілер 2023 жылдың қаңтарында Шымкент қаласында басқа үш адаммен бірлесіп, жеке араздық негізінде танысын өлтіруді жоспарлаған.

Ойларын жүзеге асыру мақсатында күдіктілер тапанша, металл шыбықтар мен биталармен қаруланып, қолғап пен маска киіп, түнгі уақытта жәбірленушінің үйіне келген.

Олар терезелерді сындырып, үйге кіріп, жәбірленушіге аса қатыгездікпен көптеген дене жарақаттарын салған.

Кейін үйдегі басқа адамдарды ұрып-соғып, жәбірленуші өмір белгілерін бермегеніне көз жеткізген соң, оқиға орнынан бой тасалаған.

Жәбірленуші ауыр дене жарақат салдарынан жедел жәрдем көлігінде қайтыс болған. Күдіктілердің екеуі ізін суытпай ұсталып, әртүрлі жазаларға тартылған.

Ал қалған үш күдікті елден қашып үлгеріп, халықаралық іздеуге жарияланған. 2024 жылдың мамырында сыбайластарының бірі көршілес елден экстрадицияланып, сотталды.

Қалған екі іздеудегі күдікті өткен жылдың шілдесінде Ресей Федерациясының Мәскеу облысында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды.

Қазіргі таңда күдіктілер тергеу изоляторына қамалды. Айыпталып отырған қылмыстарды жасағаны үшін оларға 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Осылайша, аталған қылмыстарға қатысы бар барлық тұлғалар әшкереленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу