Аталмыш құжат осыған дейін Мәжіліс қабырғасында қабылданған болатын, деп жазады inbusiness.kz.
Заңның міндеті – 1998 жылғы 24 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы мен Қасиетті Тақ арасындағы Өзара қатынастар туралы келісімге Қосымша келісімді ратификациялау.
"Келісім "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес ратификациялауға жатады. Келісімге 2022 жылғы 14 қыркүйекте Астанада Католик шіркеуінің шетелден келген мүшелеріне Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған рұқсат беру мәселелерін реттеу мақсатында қол қойылды", - деді сенатор Андрей Лукин.
Оның сөзінше, рұқсатты ресімдеу кезінде ерекшелік төлем қабілеттілігін және тұратын жерін растау алынып тасталады. Бұл өз кезегінде католик шіркеуінің құзыретті органының жазбаша міндеттемелерімен ауыстырылады.