Катон-Қарағай, Зайсан және Кендірлідегі әуежай құрылысы биыл аяқталады

147

Осы туристік маусымда Зайсан әуежайы алғашқы рейстерді қабылдайды.

Катон-Қарағай, Зайсан және Кендірлідегі әуежай құрылысы биыл аяқталады Фото: canva

Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев үш курорттық аймақтардағы әуежай құрылысы туралы айтып берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Авиация саласын дамытудың үш жылдық бағдарламасы аясында өңірлік әуежайларды жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, биыл Катон-Қарағай, Зайсан және Кендірлі курорттық аймақтарындағы туристік әуежайлардың құрылысы, сондай-ақ Арқалық қаласының әуежайын қалпына келтіру аяқталуда. Осы туристік маусымда Зайсан әуежайы алғашқы рейстерді қабылдайды", – деді Көлік министрі.

Нұрлан Сауранбаевтың айтуынша, биыл Павлодар әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңғырту, Ақтау әуежайының перронын жөндеу және Атырау әуежайы терминалын жаңарту басталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу