6 қыркүйекте Катонқарағай ауданында, Алтынбел ауылынан 8 шақырым жерде, "Большенарым орман шаруашылығы" КММ, Ново-Березовка орманшылығының аумағында орман аймағында алдын ала болжам бойынша 40 Га алаңда құрғақ шөп, бұта өртенді, деп жазады inbusiness.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратына сүйеніп.
Өртті сөндіруге ШҚО ТЖД, орман шаруашылығы, полиция қызметкерлерінен 60-тан астам адам мен 5 бірлік техника жұмылдырылды.
7 қыркүйек күні таңертең қосымша орман шаруашылығының 30 қызметкері көмекке жіберілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу