Катонқарағай ауданында 2 шақырымға жететін жыра пайда болды

1133

Катонқарағай ауданында 2 шақырымға жететін жыра пайда болды

ШҚО Қатонқарағай ауданы Солоновка ауылындағы Қараөзек учаскесінде қар суының еруі салдарынан далалық жолда геологиялық жарыққа ұқсас терең шұңқыр пайда болды, деп жазады altaynews.kz.

Шұңқырдың ұзындығы шамамен екі шақырым, тереңдігі 5-6 метрге дейін жетеді, ал ені 4-5 метр.

Осыдан бір ай бұрын ғана бұл жерде жол болды дегенге сену қиын. Ол жолмен ауыл шаруашылық машиналары мен тракторлар, автокөліктер және жегін көліктері жүретін. Бұл жол "Жас қанат" шаруа қожалығының мал шаруашылық қыстауларын байланыстырып тұрған күре жол болатын.

Қазір аталған шаруашылықтың басшылығы жыраны топырақпен толтырып, жолды қайта қалпына келтіруге тырысуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу