Шығыс Қазақстан облысындағы Қатонқарағай ауданында ұсақ малдарға індет тарап, ауру күн сайын өршіп барады. Қазірдің өзінде күл ауруымен ауырған малдың саны 200-ден асты. Індет алғаш рет осы жылдың 17 ақпанында тіркелген болатын, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.
Шалғайда орналасқан ауыл халқының негізгі тіршілігі төрт түлікке байланған. Десе де, ақпан айының ортасында Қатонқарағай ауданына қарасты Шыңғыстай, Жаңа Үлгі ауылдарын ұсақ малдан күл ауруы анықталып отыр. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мәлім етті.
"Жұқпалы ауру таралуының шарықтау шегі өтіп кетті. Малдар қырылған жоқ. Ветеринарлар сол жерлерде жұмыс істеп жатыр. Емдеуде антибиотикалық терапия қолданылуда", - дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы .
Ведомство дерегінше, осыған дейін облыста ұсақ малда күл ауруының өршуі 2000 жылдардың басында тіркелген екен.
Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылы Зайсан ауданы Шілікті, Жалши, Қарасай ауылдарында малға белгісіз індет тарап, жүздеген бас мал өлген болатын. "Жаман айтпай, жақсы жоқ" дегендей індеттің алын алмаса, аурудың таралу көлемі артып барады.