Катонқарағайда 2 ресейлік турист мерт болды

300

ШҚО облысына қарасты Белуха тауында ресейлік 2 альпинист турист қайтыс болып, тағы 2 адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.

Катонқарағайда 2 ресейлік турист мерт болды

"23 маусым күні сағат 10:00 шамасында Катонқарағай ауданының құтқарушыларына Көккөл ауданындағы Белуха тауында 4 альпинист турист қар көшкінінің астында қалды деген хабар түсті. Апат салдарынан 2 адам қайтыс болды. Біреуі 1992 жылы, екіншісі 1988 жылы туған Ресей Федерациясының азаматы. Одан бөлек 1990 жылы туған азамат зардап шеккен және 32 жастағы бір альпинист аман қалды", – делінген хабарламада.

Ақпаратта айтылғандай туристерді құтқару үшін МИ-8 тікұшағы жіберілген.

"Оқиға орнына келген тікұшақ 1 метр биіктікте қалықтап тұрды. Бұл сәтте құтқарушылар қаза болғандардың денесін бортқа тиеді. Ал жарақат алған ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді", – дейді ведомстводан.

Сондай-ақ баспасөз қызметі тікұшақпен құтқару жұмысы 3000 метр биіктікте жүргізілгенін және әуе кемесі бірнеше рейс жасағанын хабарлап отыр.

Осы орайда өңірлік төтенше жағдайлар департаменті таудағы қауіпсіздік ережелерін еске салады:

- Маршрутқа шығар алдында ТЖ қызметінде тіркелу қажет. Мұнда сіз маршруттың ерекшеліктері, бақылау уақыты және байланыс сигналдары туралы барлық қажетті ақпаратты ала аласыз;

- Ыңғайлы киім мен аяқ киімді таңдауға байыпты болыңыз;

- Өзіңізбен бірге алып жүруіңіз керек заттардың ішінде: жылы заттар, ұялы телефон үшін қосымша қуат көздері, шам және от жағуға арналған құралдар болуы керек. Сондай-ақ, GPS навигаторын өзіңізбен бірге өткізген жөн. Сапарда:

- Қозғалыс үшін ұзағырақ болса да, ең қауіпсіз маршрутты таңдау керек;

- Қозғалыс басталар алдында ықтимал қауіптерді мұқият бағалау, ауа-райы жағдайларын және кедергілердің ықтималдығын ескеру қажет;

- Түрлі кенеттен болатын жаүдайларға дайын болу қажет және қауіп кезінде уақтылы сақтық шараларын қабылдау керек;

- Тек топпен қозғалу керек;

- Нашар көрінгенде (тұман) немесе тәуліктің қараңғы уақытында өтпеу керек;

- Қауіпті жартасты жерлерден өтпеңіз. Бос жатқан тастармен беткейлер мен ойықтарға өтпеңіз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу