Қатонқарағайда әуежай салынады

957

Аудан орталығы саналатын Үлкен Нарын ауылында әуежай бұрын да жұмыс істеген. Дегенмен жекеменшікке өткен нысанның инфрақұрылымы толықтай тоналған. Ал иесі қомақты қаражат сұрап отыр.

Қатонқарағайда әуежай салынады

ШҚО-ның Катонқарағай ауданында әуежай салынуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аудан орталығы саналатын Үлкен Нарын ауылында әуежай бұрын да жұмыс істеген. Тоқсаныншы жылдары жекеменшікке өткен нысанның инфрақұрылымы толықтай тоналған. Ал иесі оның орны мен қаңқасы үшін қомақты қаражат сұрап отыр.

Аудандық әкімдік пен кәсіпкердің ымыраға келе алмауынен Катонқарағай ауданына әуе арқылы тікелей турист тарту мүмкін болмай келген. Бұл мәселені облыс әкімдігі қолға алып, жаңа нысан салу арқылы шешпек.

"О баста ескі әуежайды қайта жарақтау көзделген. Қазіргі иесімен келісімге келе алмадық. Сондықтан, ескі нысанның жанынан жаңа әуежай салу керек деп шештік. Өйткені, ол орын сейсмикалық және геодезиялық тұрғыдан әуежайға өте қолайлы әрі қауіпсіз. Аудандық әкімдік әуежай ғимаратын салады. Ал қиыршық асфальтсіз ұшып-қону жолағын облыстық бюджет арқылы төсейміз. Осылайша, Катонқарағайға келетін туристер шағын ұшақтар арқылы Алматы мен Астана сияқты қалалардан Өскеменге қонбастан, тікелей қатынайтын болады", – дейді облыстық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділов.

Әзірге әуежай қандай көлемдегі ұшақтарға арналатыны, жобаның қанша қаржы талап ететіні белгісіз. Жобалау жұмыстары биыл аяқталса, құрылыс жұмыстары 2020-2021 жылдары жүреді деп күтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу