Катонқарағай мен Зайсанда бой көтеретін әуежайды қай компания салатыны белгілі болды

212

Шығыс Қазақстан облысында екі әуежайдың құрылысын бастауға дайындық жүріп жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Катонқарағай мен Зайсанда бой көтеретін әуежайды қай компания салатыны белгілі болды Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы ШҚО Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан мәлім етті. 

– Жобалау мен құрылыс жұмыстарын "ҚазАэронавигация" республикалық мемлекеттік кәсіпорны жүргізеді. Ол 2026 жылға дейін әуежайларды салып бітуі тиіс. Бастапқы кезеңде Q400, ATR 42/72, CRJ200 ұшақтары үшін ұзындығы 2200 метр және ені 35 метрлік жасанды ұшу-қону жолақтарын салу қарастырылған, – дейді басқарма басшысы Нұржан Жұмаділов.

Туристер ағыны көбейсе, ұшу-қону жолағын 45 метрге дейін, ал ұзындығын 2 600 метрге дейін ұлғайту жоспарланып отыр.

Бұл Airbus A320, Boeing 737 сияқты кең фюзеляжды ұшақтарды қабылдауға мүмкіндік бермек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу