Шығыс Қазақстан облысы Қатоқарағайда қар көшкіні жүрді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазселденқорғау" ММ ақпараты бойынша 13 ақпанда сағат 09:30-да Катонқарағай ауданында "Өскемен-Рахман қайнары" республикалық маңызды автожолының 437-шақырымында қардың көп түсуіне және желдің күшеюіне байланысты, өздігінен қар көшкіні түсті.
Зардап шеккендер мен қираулар жоқ. Көшкіндер жолды толығымен жауып тастады. Жол тазалау жұмыстары жүргізілуде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу