Қатонқарағайда қар жауды

106

Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданына қар түсті.  

Қатонқарағайда қар жауды Фото: altainews.kz

Синоптиктер кеше "Қазгидромет" ШҚО филиалы облыс аумағында жаңбыр мен қар жаууы мүмкін екенін ескерткен.

Күн райының күрт өзгеруіне байланысты аймақтағы жол сақшылары жүргізушілерге қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Ауа райының күрт нашарлауына және қалың қардың жаууына байланысты жолда аса сақ болыңыздар. Қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, жылдамдықты рұқсат етілген шектен асырмаңыздар. Мүмкіндік болса ауа-райы тұрақталғанша ұзақ сапарға шықпаған жөн", – деп ескертті ШҚО полиция департаментінің өкілдері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу