Катонқарағайға турист тартудың айрықша жобасы жасалды

1802

Демалушылар санын жылына 70 мыңға жеткізуге күш салынбақ.

Катонқарағайға турист тартудың айрықша жобасы жасалды

ШҚО Қатонқарағай ауданы тұмса табиғатымен белгілі. Дегенмен туристік саланың аудан экономикасындағы үлесі 0,3% ғана, деп хабарлайды 24.kz.

Жылына бұл өңірге келетін туристер саны бар болғаны 6 мыңның ар жақ-бер жағында ғана. Жергілікті тұрғындардың туристік тартымдылықты кәсіпке айналдыруға қыры жоқ. Ауданда 140-тан астам адам ғана осы салада еңбек етіп жүр.

Өңірдегі туристік қауымдастық өкілдері Катонқарағайға меймандар тартудың айрықша жобасын бастады. Ауданды дамытудың 10 жылдық жоспары жасалды. Осы уақыт ішінде демалушылар санын жылына 70 мыңға жеткізуге күш салынбақ.

"Осы жылы қосымша 14 үй салдық, негізінде 8 үй болған, мемлекет те бізге қолдау көрсетіп жатыр, жол салып берді. Өйткені туристік салада жол салу міндеті түрде керек",– дейді пантымен емдеу кешенінің директоры Дариға Исабаева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу