Қатты аяздан 11 науқасты үсік шалған, бір адам көз жұмды

572

Алматыда қатты аяз салдарынан 200-ден астам адам ауруханаға түскен. 

Қатты аяздан 11 науқасты үсік шалған, бір адам көз жұмды Фото: zakon.kz

Басым бөлігі көктайғақтан құлап жарақат алғандар, бір адам көз жұмды, деп жазады inbusiness.kz zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Бірнеше күн қатарынан қалың қар жауып, артынан мұзға айналды. Салдарынан қатты аяз күндері түрлі жарақаттармен 200-ден астам адам ауруханаға түсті.

Сонымен қатар ауа райының қолайсыздығына байланысты бір тәулікте 160-қа жуық жол-көлік апаты тіркеліп, 30-ға жуық жолаушы түрлі жарақаттар алған.

"Қазгидрометтің" мәліметінше, Алматының аязы жарты ғасыр бұрынғы рекордты қайталаған. Мұндай суық 54 жыл бұрын болған екен, қаңтардағы аяздың ызғары қатты болды. Қазір күн райы -10 градусты көрсетіп тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу