Ташкентте қатты аяздан зардап шеккендерге көмектесуге әскерилер тартылды. Қаланың барлық ауданында, Ұлттық гвардия мен құтқарушылардан құралған штаб жұмыс істеп жатыр.
Олардың міндеті, халықты электр энергиясымен, су және жылумен қамтамасыз ету жүйелерінің сапасын тексеру. Сонымен қатар, тұрғындардың арыз-шағымын тыңдап, анықталған кемшіліктерді жоюы тиіс. Ол үшін әр ауданда әскери дала асханалары орналастырылған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу