Кешегі қатты жауын-шашыннан Панфилов ауданы Көктал селосының маңындағы егін арықтарына мөлшерден көп су толып, тасыған. Нәтижесінде, 46 аула мен 1 тұрғын үйдің аумағын су басты. ТЖД қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардың көмегімен су басқан аймақта су тарту жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі хабарлады.
Жауын-шашын Әулиеағаш селосына да зардабын тигізген. Мұнда 7 аула аумағы мен 1 тұрғын үйді су басты. Аула аумақтары мен көшелерде су тарту жұмыстарын жүргізуге Алматы облысы ТЖД қызметкерлері жұмылдырылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу