Міне, биыл да өздеріңіз көргендей сол жыр. Қазақстандықтардың қатты отынға қиындықсыз қол жеткізетін кезі бола ма? Биылғы көмір қоры жеткілікті ме?
Шығыс қазақстандық тұрғындар көмір базасында түнеуге мәжбүр. Өйтпеске амалдары қалмаған. Өскемендегі темір жол тұйығында бірнеше күннен бері кезек. Кептелісі тағы бар. Қара алтынға күнбе-күн қолы жетпегендер көліктеріне қонып, келесі күні тағы күтуде. Ол аздай, зарыға қол жеткізген қатты отыны сапасыз көрінеді. Жанталасқан жұрттың жанайқайын Жанболат Санияз тыңдап қайтты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу