Қатты пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге арналған лицензияларды алу үшін өтініштер қабылдау басталады

581

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады. 

Қатты пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге арналған лицензияларды алу үшін өтініштер қабылдау басталады Фото: google.com

27 наурыздан бастап Мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасына жаңадан енгізілген учаскелер бойынша қатты пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге арналған лицензияларды алуға өтініштер қабылданады.

Өтініш беру үшін 300 мыңнан астам жаңа блок қолжетімді болмақ.

“Лицензияларды алуға арналған өтініштер minerals.gov.kz жер қойнауын пайдаланушылардың бірыңғай платформасы арқылы электрондық түрде қабылданатын болады. Өтініш беру кезінде көмек көрсету мақсатында Министрлік ғимаратында (Transport Tower, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, 1 қабат) өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ұйымдастырылған”, - делінген хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, жер қойнауын пайдаланушылардың бірыңғай платформасында тіркелу және онымен пайдалану жөніндегі нұсқаулықтар келесі сілтемелер бойынша қолжетімді:

  • - https://youtu.be/aSUA0M55czk (электрондық пошта арқылы тіркелу);
  • - https://youtu.be/R-kIz-jrZtM (ЭЦҚ кілті арқылы тіркелу);
  • - https://youtu.be/SEZtit6x1w4 (интерактивті картамен жұмыс жасау);
  • - https://youtu.be/oEB20uEximo (ҚПҚ барлауға арналған өтінішті беру);    
  • - https://youtu.be/tO4udfIt6S4 (ҚПҚ өндіруге арналған өтінішті беру).
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу