Қатты пайдалы қазбаларды іздеуге шағын компанияларға жеңілдік жасалды

803

Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың айтуына қарағанда, геологияны дамыту үшін қатты пайдалы қазбаларды іздеуге жеңілдетілген лицензиялау енгізілді. Шағын геологиялық барлау компанияларына тиісті жағдай жасалды, деп жазады inbusiness.kz тілшісі. 

Қатты пайдалы қазбаларды іздеуге шағын компанияларға жеңілдік жасалды

"Ел аумағын кеңінен зерттеу мен әкімшілік кедергілерді жою өндіріс саласын қарқынды дамытуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде, Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы артады. Жалпы елімізде ғылыми-институционалдық база бар. Яғни геология саласын дамыту үшін барлық жағдай жасалуда", – дейді Әлихан Смайылов.

"Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған тұрақты экономикалық өсу" Ұлттық жобасы аясында "Геология саласын дамыту" бағыты қарастырылған. Жоспарға сәйкес, 2026 жылға қарай Қазақстан жерлерін зерттеу жұмыстары 680 мың шаршы шақырымға ұлғайып, жалпы көрсеткіш 2,2 млн шаршы шақырымға дейін жетеді. 

Энергетика министрлігінің ақпарына қарағанда, жер қойнауын пайдалану құқығын беруде ашықтықты қамтамасыз ету және геологиялық барлауды ынталандыру рәсімдерін жеңілдету мақсатында төмендегіше заңнамалық түзетулерді әзірленді: 

- аукционға қатысу үшін талаптар тізбесін қысқарту; 
- бірінші жеңімпаз түпкілікті қол қою бонусын төлемеген жағдайда, аукцион қорытындылары бойынша екінші орын алған аукционға қатысушымен жер қойнауын пайдалануға келісімшарт жасасу; 
- электрондық аукционды қолданыстағы ақпараттық жүйелермен біріктіру (ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттар мен мәліметтерді талап етпеу);  
- іздестіру кезеңінде барлау жұмыстарының жобасын әзірлеудің хабарлама тәртібіне көшу;
- жер қойнауын пайдаланушының жүргізілген сейсмикалық барлау жұмыстары жағдайында келісімшарттық міндеттемені орындамағаны үшін айыппұл төлемей және келісімшарт жасалған күннен бастап үш жылдан кешіктірмей бұрғылаудан бас тарту туралы өтініш берген жағдайда барлау кезеңінде ұңғыманы бұрғылаудан бас тарту мүмкіндігі; 
- барлау кезеңінде жер қойнауын пайдаланудың салдарын жоюды қамтамасыз ету ретінде кепілдік, сақтандыру, банктік салым кепілі сияқты қамтамасыз етудің баламалы тәсілдерін ұсыну мүмкіндігі. Бұл шара жер қойнауын пайдаланушыға геологиялық барлауға қосымша қаражат тартуға мүмкіндік береді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу