Қатты пайдалы қазбаларға роялти енгізу 2029 жылға шегерілді

230

Қатты пайдалы қазбаларды өндіруге роялти енгізу мерзімі екі жылға кейінге қалдырылмақ, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Қатты пайдалы қазбаларға роялти енгізу 2029 жылға шегерілді Фото: Үкімет

Бұл мәселе Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің отырысында талқыланды. Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин төрағалық еткен жиында қатты пайдалы қазбаларды өндіруге салық салу тәртібі қаралды.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі роялти енгізуді 2027 жылдан 2029 жылға ауыстыруды ұсынды. Министрлік өкілдерінің айтуынша, жаңа салықты есептеу және әкімшілендіру тетіктерін қосымша пысықтау қажет.

Атап айтқанда, техногендік минералдық түзілімдерге қатысты салық базасын анықтау, роялти мөлшерлемелерін белгілеу, жаңа лицензиялардың ерекшеліктерін және тау-кен жобаларының шығындарын ескеру мәселелері бар.

Ведомствоның мәліметінше, өзгерістер кәсіпорындардың қаржы-экономикалық модельдерінде сынақтан өткізіліп, салааралық деңгейде келісуді талап етеді.

Талқылау қорытындысында роялтиді енгізу мерзімін 2027 жылғы 1 қаңтардан 2029 жылғы 1 қаңтарға ауыстыру туралы ұсыныс қолдау тапты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу