"Қатты ұялдым": Елдос Сметов Олимпиададағы жеңісінен кейін не үшін намыстанғанын айтты

1446

Елдос ағылшын тілін үйренуді алдына мақсат етіп қойғанын атап өтті.

"Қатты ұялдым": Елдос Сметов Олимпиададағы жеңісінен кейін не үшін намыстанғанын айтты Фото: olympic.kz

Дзюдодан Олимпиада чемпионы Елдос Сметов Париждегі ойындарда ағылшын тілін білмегені үшін өзін қатты ыңғайсыз сезінгенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Бұл ақпараттан ол "Қызық Times" бағдарламасына берген сұхбатында бөлісті.

"Менің бүкіл әлем бойынша қарсыластарым мен достарым бар. Олармен сөйлесейін десем, ойымды жеткізе алмаймын. Олар да маған сұрақ қойып, әңгіме айтып жатады, бірақ мен түсінбеймін. Алайда, бұл маған қатты әсер етпейтін", – дейді Сметов.

Спортшы тіл білмегені үшін ең қатты ұялған сәтінің Олимпиадағы жеңісінен кейін болғанын атап өтті.

"Олимпиадағы жеңістен кейін кешке басшылық пен Олимпиада чемпиондары бас қосқан мерекелік кешкі ас ұйымдастырылды. Барлығы құттықтауға келеді. Мен тек congratulations (құттықтаймын) деген сөзді түсінемін, барлығына thank you (рақмет) деп жауап беремін. Олар бірдеңе айтып жатты, мен тек қарап тұрдым, тіл білмегенім үшін қатты ұялдым. Мен бәрін түсінгендей кейіп танытып, алғыс айттым, бірақ олардың не айтқанын түсінбедім. Тек мені мақтап жатқанын сездім", – дейді олимпиада чемпионы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу