Қатты жел, 39 градусқа дейін аяз: 15 желтоқсанға арналған ауа райы

380

"Қазгидромет" РМК-сы желтоқсанның 15-не күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Қатты жел, 39 градусқа дейін аяз: 15 желтоқсанға арналған ауа райы Фото: inbusiness.kz

Метеорологтар мәліметінше, республиканың басым бөлігіне, суық солтүстік-батыс антициклоны ықпал етеді. Осыған байланысты күн көбінесе жауын-шашынсыз, бірақ аязды болады. Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын болады. Қазақстан бойынша жел күшейіп, оңтүстікте тұман түседі деп болжанып отыр.

Түнде Алматы облысының оңтүстік-шығысында өте қатты аяз 30-31°С сақталады. Жетісу облысының Алакөл көлінің аумағында, түнде және таңертең Түркістан таулы асуларында, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, Қызылорда облысының шығысында, орталығында кей уақытта өте күшті жел тұрып, жылдамдығы секундына 30 метрге жетеді, кей жерлерде одан да асып түсуі мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу