Полиция күштерімен жолда батып қалған он автокөлік қар құрсауынан шығарылып, 28 адамға көмек көрсетілді.
Үш такси жүргізушісі Алматы қаласынан Шымкентке Жуалы ауданы арқылы жол жабық болған соң Қаратау-Жаңатас тас жолы арқылы өтпек болып, Жаңатас қаласынан 35 шақырымдай аумақта қалың қарға батып қалған. Көліктер шығарылып, 16 адамы қауіпсіз жерге көшірілді.
Сарысу ауданы полиция бөлімінің бастығы Болат Айтжанов жағдай жақсарғанға дейін алыс жолға шықпауды ескертті. Қазіргі уақытта жолдарды тазалау жұмыстары жүргізілуде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу