Қатты жел Жезқазғандағы колледж шатырын ұшыртып әкетті

320

Абырой болғанда ешкім зардап шекпеген.

Қатты жел Жезқазғандағы колледж шатырын ұшыртып әкетті Фото: tengrinews.kz

Қатты жел Жезқазған музыкалық колледжінің шатырын ұшыртып әкетті. Бұл туралы Ұлытау облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Төтенше жағдай 26 маусым күні сағат 16:25-те болды. 112 пультіне Жезқазған музыкалық колледжі ғимаратының шатыры қатты жел салдарынан ішінара құлағаны туралы ақпарат келіп түсті. 

Облыстық ТЖД қызметкерлері шақырту орнына келгеннен кейін оқиға фактісі расталды. 

“Алдын ала ауданы 400-500 шаршы метрді құрады. Оқиға орнында жәбірленушілер мен зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу