Қатты желден 5 адам Каспийге батып кете жаздады

122

Каспий теңізінде қатты жел салдарынан жағалаудан алыстап кеткен 5 адамды Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары аман-есен құтқарып қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қатты желден 5 адам Каспийге батып кете жаздады Фото: canva

Оқиға Ақтау қаласындағы "Бриз" яхта-клубы маңында үгіт-насихат және профилактикалық іс-шаралар өткізу кезінде болған.

SUP-тақтамен серуендеп жүрген 5 адам қатты желге тап болып, 2,5 шақырым қашықтықта ашық теңізге шығып кеткен.

Өздігінен жағаға орала алмаған демалушыларға жедел-құтқару жасағының қызметкерлері көмекке келген.

– Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында 5 адам жағаға дін аман жеткізілді. Ешқайсысына медициналық көмек қажет болмады, – деп жазды ТЖМ баспасөз қызметінен.

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды желді және дауылды күндері суға шыққанда абай болуға, міндетті түрде құтқару кеудешелерін киюге және ауа райын мұқият бағалауға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу