Ақтөбеде әскерде соққыға жығылған ақтаулық 18 жастағы сарбаз Еркебұлан Досымбеттің жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Сарбаздың анасы Гүлдана Кетібаеваның сөзінше, ұлы қатты азып кеткен.
"Сақал-мұрты өсіп кеткен, қатты жүдепті. Киімі өте лас, қоқыстан тауып алғандай. Ауыстыратын киім де әкелмеген. Физикалық та, эмоционалдық та жағдайы өте ауыр. Жалпы, қараусыз қалған адам сияқты көрінді", – деді ол.
Еркебұлан Досымбеттің әскери бөлімнен ауыстыратын киім әкелінгені айтылды.
kaz.inform.kz
Анасы оның денсаулығына алаңдап отырғанын жасырмады.
"Ұлымның шап тұсына соққы жасалған. Содан кейін жағдайы нашарлап, дәретханаға қалыпты бара алмай қалған. Екі тәулік бойы зәр шығара алмай, оны Ақтөбе облыстық ауруханасына жеткізген", – деді сарбаздың анасы Гүлдана Кетібаева.
Әскери прокуратура осы оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 451-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады.