"Блогер қыздар қатын боп жарытпайды" деп айтқан имам Жарқын Мырзатаевқа белгілі блогер Ырысбала Икрамбай жауап берген, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ол Ырысбала Икрамбайдың өзіне берген жауабын қатындығын жасады деп ашуланды.
Имамның айтуынша сұлулығын интернетте паш еткен қыздар қатын боп жарытпайды, оларға түріне қарап үйленетіңдер, өмір бойы қызғанып өтеді.
"Қатын қатындығын жасайды деген рас екен. Менің ойымды кесіп алып, орта жолдан дауға себеп етіп алмаңыздар. Айтқым келгені, жартылай жалаңаш, ер адамның алдына түсіп, тәнін әлемге көрсетіп ақылгөйсіген қыздар қатын болып жатыртпайды. Ол рас. Ал орамал тағып алып, елді сұлулығына сүйсінтуді мақсат тұтқан блогерлер де бар. Олар да мәз емес. "Әкеңнің ауызы" деп сөйлеу блогерлер үшін жай бір әдет, қарапайым сөз болып қалды. Оның мәні тереңде, өте анайы сөз ол. Апаларымыз өзінен жиырма жас кіші ер адамның алдын кеспеген, сөзін бөлмек түгілі. Олар "Ер адамның киімін басып өткен әйел оңбайды" дейтін. Қазір мұндай тәрбие жоқ", - деді имам Жарқын Мырзатаев.