"Кәуап сүйегіне қақалып қалған": Маңғыстауда мектеп қызметкері көз жұмды

Қайғылы оқиға 10 мамыр күні ұжымның табиғат аясындағы демалысы кезінде тіркелген.  

"Кәуап сүйегіне қақалып қалған": Маңғыстауда мектеп қызметкері көз жұмды Фото: freepik

Полиция аталған дерек бойынша жан-жақты тексеру жүргізіп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Ақтау қаласындағы мектептердің бірінің қызметкерлері Маңғыстау ауданындағы Жармыш ауылы маңында орналасқан "Аралбай" сарқырамасына демалыс ұйымдастырған.

Табиғат аясында жайылған дастарқанда отырған 56 жастағы ер адам кәуап сүйегіне қақалып қалады. Өкініштісі сол, оған дер кезінде көмек көрсету мүмкін болмаған. Ер адам оқиға орнында тіл тартпай кеткен. 

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл дерек бойынша тексеру басталғанын хабарлады.

Қазір тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Сонымен қатар, құқық қорғау органдары азаматтарды табиғат аясындағы демалыс кезінде барынша сақ әрі мұқият болуға шақырады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу