"Қауіпсіз жол": Алматыда 233 жаяу жүргіншіге айыппұл салынды

904

173 автокөлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды. 

"Қауіпсіз жол": Алматыда 233 жаяу жүргіншіге айыппұл салынды

Алматылық полицейлер жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушыларды анықтауға бағытталған жұмыстар жүргізуде, деп хабарладайды inbusiness.kz

"17 мамыр мен 16 маусым аралығында жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ жол ережелерін бұзу жағдайларын алдын алу мақсатында ішкі істер органдары басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп "Қауіпсіз жол" шарасын өткізуде. Полиция қызметкерлері жол қозғалысын қадағалауды күшейтті. Ең басты міндет жол ережелерін бұзудың алдын алу, әсіресе жылдамдықты асыру және қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығу. Сондай-ақ, жүк көліктері мен мотоциклдерге ерекше назар аударылады. Біз жүргізушілерді рұқсат етілген жылдамдықты асырмауға, көлік тізгінінде отырғанда жан-жаққа алаңдамай, шыдамдылық танытуға шақырамыз", – деді Алматы қалалық ПД әкімшілік ПБ-ның бастығы Жандос Мұратәлиев.

Спикердің айтуынша шара басталған үш күннің ішінде 1252 жол қозғалысы ережесін бұзу анықталған.

Оның ішінде: 

– заңсыз қайта жабдықтау (ҚР ӘҚбК-нің 590-бабы 7-бөлімі) – 21; 

– жүргізушінің телефонды қолдануы (ҚР ӘҚбК-нің 59-бабы 1-бөлімі) – 201; 

– қауіпсіздік белдіктерінің пайдалану ережелерін бұзу (ҚР ӘҚбК-нің 593-бабы) – 277; 

– бағдаршамның тыйым салынған түсіне өту (ҚР ӘҚбК-нің 599-бабы) – 24; 

– қозғалыста жаяу жүргіншілерге басымдық бермеу (ҚР ӘҚбК-нің 600-бабы) – 69; 

– апаттық жағдайдың туындауына әкеліп соқтырған жол қозғалысы пайдаланушыларының ережелерді бұзуы (ҚР ӘҚбК-нің 606бабы) – 83; 

– мас күйінде көлік құралын басқару (ҚР ӘҚбК-нің 608-бабы) – 16.

"Аталған жайттарға байланысты 173 автокөлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды. Жолды дұрыс кесіп өтпегені үшін
233 жаяу жүргіншіге айыппұл салынды", - деді Жандос Мұратәлиев.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу