"Қауіпсіздік белдігін тақпаған": Ақтауда блогер жауапқа тартылды

270

Әкімшілік хаттама жасақталды.

"Қауіпсіздік белдігін тақпаған": Ақтауда блогер жауапқа тартылды Фото: inbusiness.kz

Ақтауда танымал блогер жол ережесін бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Ол көлік құралын басқару кезінде қауіпсіздік белдігін тақпаған. Сондай-ақ баласын арнайы орындыққа отырғызбаған, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты.

"Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында “Lexus NX200” маркалы автокөлігімен орын алған құқық бұзушылық туралы бейнеролик жарияланды. Белгілі болғандай, жүргізуші көлік құралын қауіпсіздік белдігін тақпаған күйде басқарған. Сондай-ақ автокөлік салонында балаларға арналған арнайы орындық қарастырылмағандығы анықталды", деп мәлім етті Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Патрульдік полиция батальоны қызметкерлері 27 жастағы азаматшаның жеке басын анықтап, оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 593-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасақтаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу