Қауіпсіздік ережелерін сақтамағандарға 4,5 млн теңге айыппұл салынды

886

Қостанайда нысандардың лаңкестікке төзімділігі тексерілді.

Қауіпсіздік ережелерін сақтамағандарға 4,5 млн теңге айыппұл салынды

Қостанайда 107 нысанның лаңкестік әрекеттерге төтеп беру деңгейі төмен. Бұл туралы жергілікті полиция департаментінің өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Atameken Business.

Тәртіп сақшыларының дерегінше жыл басынан бері 519 нысан тексерілген. Алайда оның шамамен 20 пайызы үкімет қаулысындағы қауіпсіздік ережелеріне сай келмейтін болып шықты. Нысандарда көбінесе бейнебақылаудың жоқтығы, күзетшілердің тапшылығы, өткізу бекетінің тексерілмеуі сынды ереже бұзушылықтар анықталған. Осылайша адам көп жиналатын 11 орынның басшыларына 4,5 млн теңгенің айыппұлы салынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу