Қауіпсіздік күштері мен әскерилер Путинге Брянск облысындағы украин содырларының шабуылы туралы баяндады

538

Украинадағы қақтығыстың "арнайы операция" атауы өзгеруі мүмкін. 

Қауіпсіздік күштері мен әскерилер Путинге Брянск облысындағы украин содырларының шабуылы туралы баяндады Фото: img3.eadaily.com

Ресей президенті Владимир Путин украиналық диверсанттардың шабуылы өтіп жатқан Брянск облысының шекаралас аймағындағы жағдай туралы ФСБ, Қорғаныс және Гвардия Министрлігінен хабар алып отыр. Бұл туралы журналистерге Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді, деп жазады Inbusiness.kz.

"Президент Путин Кремльде күштік ведомстволар желісі бойынша тұрақты баяндамалар алып отыр. Атап айтқанда, оған ФСБ басшысы [Александр] Бортников, Қорғаныс министрі [Сергей] Шойгу мен Росгвардия басшысы [Виктор] Золотов баяндайды. Оның барлығы украиналық содырлардың шабуылына байланысты Брянск облысында болып жатқан оқиғаларға қатысты мәлімдемелер", — деді Песков.

Қазіргі уақытта Брянск облысының Климов ауданында Любечан мен Сушан ауылдарында жазалау операциясын жасаған украин содырлар топтары жойылуда.

"Қазір террористер жойылуда", - деді ол.

Оның айтуынша, күштік ведомстволар Брянск облысында болған оқиғаның егжей-тегжейін белгілейтін болады, диверсияны кім жасағанын нақты анықтау қажет.

Сонымен қатар, Ресей Федерациясы Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Брянск облысындағы бүгінгі оқиғалар арнайы операция мәртебесінің өзгеруіне әсер ету-етпеуін нақты білмейтінін хабарлады.

"Мен әлі ештеңе айта алмаймын", — деп жауап берді Песков журналистердің сұрағына.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу