Қауіпсіздік сертификаты қандай жағдайда пайдаланылады?

736

Оның айтуынша, бүгінде тұрғындарға қауіпсіздік сертификатын компьютеріне, смартфонына жүктеудің керегі жоқ.  

Қауіпсіздік сертификаты қандай жағдайда пайдаланылады?

ҚР ЦДИАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов елімізде қауіпсіздік сертификаты қандай жағдайда пайдаланылатынын түсіндірді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Руслан Әбдіқалықов қазіргі таңда барлық мемлекеттік орган аталған  сертификатты пайдаланып жатқанын айтты.

"Қауіпсіздік сертификаты мемлекеттік органға интернетке шығуға мүмкіндік береді. Мұнда интернетке шығу үшін бірыңғай шлюз пайдаланылады. Сертификат осы үшін қолданылады", - деді басшы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Ол қарапайым тұрғындарға қауіпсіздік сертификатын құралдарына жүктеудің керегі жоғын, ол айрықша жағдайда ғана қолданылатынын ескертті.

"Біз бұл мәселеге қатысты түсінік бердік. Мемлекет басшысы қауіпсіздік сертификаты заңда көрсетілген айрықша жағдайда ғана қолданылатынын айтты. Мысалы, ол төтенше, әлеуметтік, саяси, техногенді жағдай, террорлық қауіп төнгенде пайдаланылады.

Сондықтан азаматтарға қатысты бұл жұмыс тоқтатылды. Оны жүктеп алғандарға қорқудың керегі жоқ. Себебі, бүгінде сертификаттарды өңдейтін ақпараттық кешен өшірулі тұр", - деді төраға.

Руслан Әбдіқалықов сертификатты пайдалану бойынша арнайы жоспар жоғын атап өтті.

"Арнайы жоспар жоқ. Алайда елімізде төтенше жағдай болса, оны іске қосамыз. Мен елімізде ондай жағдай болмайды деген үміттемін", - деді басшы.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу