Қауіпсіздік сертификаты меморгандарды 130 мың кибершабуылдан қорғап қалыпты

1127

Мемлекеттік органдардың бұл сертификатты қолданып келе жатқанына 1,5 жылдан асқан.

Қауіпсіздік сертификаты меморгандарды 130 мың кибершабуылдан қорғап қалыпты

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиевтің сөзінше, көпшілік арасында қызу талқыланған қауіпсіздік сертификатын мемлекеттік қызметшілер 1,5 жылдан астам уақыт бойы қолданып келе жатыр екен. Сертификат соңғы бір айдың ішінде 8 миллионнан астам вирусты анықтаған. Осылайша, мемлекеттік органдарды 130 мың кибершабуылдан қорғап қалған.

"Біз, мемлекеттік қызметшілер қауіпсіздік сертификатын орнатып, жұмысымызды жалғастыра береміз. Ал жеке тұлғалар ерікті түрде орнатады. Қажет деп тапса, сертификатпен сақтанса болады. Мемлекет бұл тұрғыдан өз әрекетін жасады", – деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу